2023 жылы елімізде «Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге асады

«Мен кәсіпкер» атты жоба биыл елдің барлық өңірінде жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтыр басталған бағдарлама еді. Сол кезде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының ауылдарындағы қыз-келіншектер қолдауға ие болып, өз өнімдерін шығаруға мүмкіндік алды. Осылайша, елде шағын кәсіпкерлікті қаржысыз да дамытуға болатыны байқалды.

Бағдарлама кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына енгізілді. Оның «Кәсіпке бағыт –салалық оқыту», «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» және «Бір ауыл – бір өнім» атты бағыттары бар.