loader


Студенттер дұрыс тамақтанбайды

Студенттер дұрыс тамақтанбайды. Фастфуд пен тәтті сусындарды көп тұтынады.

Жас кезде ағза сыр бермеуі мүмкін. Бірақ, орта жасқа жеткенде түрлі ауруларға шалдыға бастайды. Бұл дұрыс ас ішпегеннің кесірі.  Алматыда арнайы зерттеу қорытындысын жариялаған «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының өкілдері осылай дейді. Бірлестік өкілдері елдегі 18 жоғарғы оқу орнында сауалнама жүргізген. Оған 1300-ден аса студент қатысты. Олардың жартысына жуығы қазірдің өзінде денсаулығына шағым айтқан. Сондықтан зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды және оны шектеуді ұсынады. Оның орнына  спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту қажет. Мұның сыртында дұрыс тамақтану да денсаулыққа пайдалы болмақ.

Гинтаутас-Юозас Кентра, «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы төрағаcының  орынбасары:

- Дұрыс тамақтану туралы қанша айтып жатсақ та ол қазірге аздық етіп тұр. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрынғы деректерге қарасақ,  фастфудты тұтыну 8-ден 19 процентке өскен. Тәтті тіскебасар, газдалған сусындар мен энергетиктерді тұтыну 5-тен 10 процентке көбейе түскен.