Елден $400 000 шығармақ болған азамат ұсталды

Елден 400 мың доллар шығармақ болған азамат ұсталды. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі күзетті күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері шекара бұзған 4 238 адам анықталған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сондай-ақ 4 айда жалған құжат пайдаланған ел азаматтарына және шетелдіктерге қатысты 99 факті тіркелген. Екі азаматтықпен жүрген 138 адам анықталған.