Атырауда компания қала іргесінен заңсыз карьер қазған

Атырауда мердігер мекеме қала іргесіндегі карьерді заңсыз қазған.

Кәсіпкер бұл жұмысты жүргізуге лицензия алмаған болып шықты. Қазір елдімекен аумағында қазба жұмыстары тоқтатылды. Еске салсақ, өткен аптада Атырау қаласының іргесіндегі Тасқала ауылының тұрғындары осы мәселеге қатысты наразылық білдірген еді. Ол уақытта жергілікті билік кәсіпкердің құжаты заңды деп сендірген болатын. Қазір карьерге қатысты мәселе ашық күйінде қалып отыр. Оның түбегейлі жабылатыны не жұмысын жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Нұрлан Жантоқов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы:

- Алған кәсіпкер басқа кәсіпкерге жалға берген. Сол құжатты  біз тексеріп, алған адам бізге барлық құжаттарын әкеліп тіркелу керек. Ол кісі құжатын берген. Біздің басқарма қайтарып берген. Себебі жетіспейтін қағаздары болған. Соған қарамастан ол кәсіпкер жұмысты бастап кеткен. Сондықтан біз ол жұмысты тоқтаттық.