Павлодар облысында иесіз жануарлар таңбаланады

Ертіс өңірінде иесіз жануарларды таңбалау және екпе салуға бюджеттен 55 млн бөлінді.

Қаражаттың 6 млн теңгесі, бұр-алқы ит-мысықтарды аулауға жұмсалады. Осы шарамен айналысатын ұйымдар анықталды. Мамандардың айтуынша, тұрғындар, үй жануарларын бірінші қыркүйекке дейін тіркеп үлгермесе, айыппұл салынады. Ал оларға бақылау жүргізу үшін, әр жануар туралы ақпарат, ортақ базаға енгізіледі. Бұл қажет болған жағдайда қолға түскен ит-мысықтың қожайынын, оңай анықтауға мүмкіндік береді. Кейін олар арнайы орталықтарға жіберіледі. Өңірде осындай үш орын бар. Екі айдан соң, иесі табылмаса, тиісті шара қолға алынады. Биыл аймақта 600 бұралқы ит-мысық ұсталды.

Айдар Увалиев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Қаңғыбас жануарларды таңбалау және екпе салу – аса маңызды шара. Себебі, мәселе шешімін таппай келеді. Алдағы уақытта үй жануарлары бар азаматтар оларды өз тіркеуі керек. Егер уақытында тіркеп үлгермесе, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы күнге дейін ауланған 40-тан астам бұралқы ит-мысық иелеріне қайтарылды.