Астанада балалардың жол бойындағы қауіпсіздігі қолға алынды

Астана қаласының жергілікті полиция қызметкерлері бүлдіршіндердің жол бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақшаларда түсіндіру жұмыстарын қолға алды.

Жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Жол белгілерін көрсетті.

Айта кетсек, облыс бойынша жыл басынан бері жол оқиғаларынан кәмілет жасқа толмаған 8 бала зардап шеккен.Тәрбиешілер балалардың дәріске деген қызығушылығын түрлі көріністер арқылы арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады . «Балаларға жолда өзің – өзі қалай ұстау керектігі жайында бала жасынан үйрету керек» ,- дейді тәртіп сақшылары.

Әлия Темірболат, №93 "Айгөлек" балабақшасының меңгерушісі:

- Кішкентай кезінен бастап қалай өмірің қорғау керек , жолда жүру ережесін қалай сақтап жүру керектігі жайында балабақшадан бастап түсіндіріп жатыр. Жол жүру полицейлерін шақырып, баланың қызығушылығын арттыру мақсатында формаларын кигізіп, түрлі сайыстар түрінде оздырып, мектепке даярлық топтарын осындай айлық жұмыстарды оздырып жатыр.