Ұлытау облысында бір банка бояуды 1 млн 600 мың теңгеге алмақ болған

Ұлытау облысында бір құты еден бояуын тендер арқылы 1 млн 600 мың теңгеге сатып алмақ болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осындай заңбұзушылықтың жолын кесті. Бұл жағдай Сәтбаев қаласында болған. Мектеп есепшілері мемлекеттік сатып алу конкурсында бояу бағасын 70 мың есе арттырған. Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен байқау қайта жарияланып, 18 банка бояу небары 47 мың теңгеге сатып алынды. Департамент қызметкерлері осыған ұқсас тағы бір заңбұзушылықты анықтады. Қаражал қаласы әкімдігі құны 11 млн теңгеден аспайтын қызметтік көлікті 65 млн теңгеге сатып алуға конкурс жариялаған.

Гүлнұр Сүлейменова, Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер бойынша офицері:

- Жұмыс нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 34 млн теңге шамасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді. анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді. жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұзушылықтарды анывқтау үшін жұмысты жалғастыруда, ол үшін сатып алудың бірыңғай ақпараттық терезесі мәліметтерінің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі. агенттікке осы платформаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.