Қостанай облысында заңсыз астық импортының жолы кесілді

Қостанай облысында заңсыз астық импортымен айналысқан топ ұсталды.

Әккілер Ресейден Өзбекстанға Қазақстан арқылы тасымалданатын бидай көлемін төмендетіп көрсеткен. Ал халықаралық транзиттік тарифті төлемеу мақсатында, отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ресейлік тауарды Қазақстан өнімі ретінде сатқан. Осылайша 88 млн теңге мөлшеріндегі салықтан жалтарған. Соңғы 2 жыл ішінде көлеңкелі жолмен өзбек еліне құны 500 миллион теңгеге тең 5 мың тоннаға жуық ресейлік астықты заңсыз экспорттап келген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 

- Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген.