Ақтөбеде көгалдандыру жұмыстары басталды

Оның аясында саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындардың алаңдары жасыл желекке оранады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, арша, қалампыр, раушан, бөріқарақат, түймедақ және өзге де әралуан өсімдік түрлері егілмек. Жалпы 53 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіп, 300 мың шаршы метрді көгалдандыру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, қаланың орталық алаңдарын абаттандыруға да ерекше назар бөлінеді. Қазір облыс орталығында тазалық жұмыстары қатар жүріп жатыр. Оның аясында коммуналдық мекемелерден өзге, тұрғындар да атсалысып жатыр. 

Айгүл Бәйменова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Мердігер мекемелердің міндеттеріне көктем кезінде гүл отырғызу, шөптес өсімдіктерді отырғызу ғана кірмейді. Олардың міндеттеріне осы маусым бойы, жаз аяқталғанша отырғызылған гүлдерді күтіп-ұстау, суару, басқа да шаралар кіреді. Оны біздің ТҮКШ бөлімі бақылауға алып отырады.