Жыл басынан бері елімізде 268 қару-жарақ тәркіленді

Жыл басынан бері еліміздің 11 аймағында жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 268 қару тәркіленді.

Оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш, түрлі калибрлі 30 мыңнан аса, оқ-дәрі бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция органдары сонымен қатар, оқ өткізбейтін кеудеше, каска, қол кісендер мен өзге де, заттай айғақтарды тапты. Алматы қаласында ірі көлемде, заңсыз қару саудасымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.