ТЖМ «Хабар» агенттігінің тілшісін марапаттады

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінде елімізден барған құтқарушылармен қатар сондағы дипломаттарымыз бен ақпарат саласының өкілдері де күн-түн демей еңбек етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті халық пен құтқарушылар арасында дәнекер болып, көмек көрсетуден аянып қалмады. Осы себепті Төтенше жағдайлар министрлігі оларды арнайы марапатқа лайық деп тапты. «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» медалін иеленгендердің қатарында арнамыздың меншікті тілшісі Меруерт Қанағат та бар. Ол оқиға орнынан үздіксіз хабар таратып, бауырлас елдегі ахуалды жеткізіп отырды.