loader


Алматыда А. Жұбанов атындағы халық аспаптар бөліміне – 55 жыл

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектептің халық аспаптар бөліміне 55 жыл толды.

Осыған орай оқушылар мен мектеп түлектері гала-концерт берді.

Айта кетейік, білім ошағының 60 жылға жуық тарихы бар. Оның іргетасын 1964 жылы музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов қалаған. Академик ауылдағы қазақ балаларының кәсіби музыкалық білім алуын көздеген. Ал, төрт жылдан соң халық аспаптар бөлімі ашылды. Оның алғашқы меңгерушісі қобызшы Фатима Балғаева болды. Бүгінде мұнда домбырадан бастап, қылқобыз, прима,  шертер, сырнай кластары бар. Мектепке 6 жастан бастап қабылданады. Келушілер өте көп. Соның ішінен ең талантты дегендері оқуға мүмкіндік алады. Емтихан үш кезеңнен тұрады.

Нұркен Әшіров, А. Жұбанов атындағы музыка мектеп-интернатының директоры:

- 2015 Халық аспаптар оркестрі біздің мақтанышымыз. Кеше Ташкентте өткен «Наурыз садалар» конкурсының екі дүркін Гран-при иегері. Уфада өткен «Зов Урала»  конкурсының Гран-При иегері. Қазақстанда өтіп жатқан «Шабыт» сынды республикалық конкурстың Гран-При бірінші орын иегерлері. «Ақжелең», «Қоңыржай» қылқобызшылар ансамблі бар. «Жезкиік» прима қобызшылар «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі бәрі түрлі деңгейдегі конкурстың лауреаттары.

Райымбек Шыманов, 11 сынып оқушысы:

- Мектепте оқушыға былай возможность көп. Әртүрлі аспаптарға қатысып кете алады. Мәселен мен домбырашы болып тұрып, сазсырнайға бас домбыра, прима домбыра сол аспаптарды ойнауды білем. Оқушыларға көп мүмкіндік бар.