Астанада аутизм туралы ақпараттық-ағарту марафоны өтті

Астанадағы Триатлон паркінде ерекше марафон өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорттық іс-шара «Болашақ» корпоративті қорының бастамасымен аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Марафонға тіркелген қатысушылар әртүрлі қашықтыққа жүгірді. Марафонға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, ММА мен джиу-джитсу бойынша 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, зілтемірші Светлана Подобедова мен Гиннес рекордтар кітабына енген, алып күштің иесі Сергей Цырульник қатысты.

Марафоннан түскен 6 млн теңге «Әр бала мектепке баруы тиіс» бағдарламасына аударылады.

Динара Гаплан, «Болашақ» корпоративті қорының төрағасы:

- Осы жылдар аралығында аутизм диагнозы және дамуындағы өзгешелігі бар балалардың сабақ оқуына жағдай жасау үшін 22 қаладағы 50 мектепте 46 кабинет аштық. Бүгін аутизмі бар адамдарды қолдау мақсатында мыңнан астам қатысушы 100-ден аса волонтердің атсалысқаны қуантады. Бүгінгі іс-шараға 130-дан астам ерекше бала қатысып жатыр.