Елордада балалар арасындағы шығармашылық байқау ұйымдастырылды

Астанада «Жан Doстар» атты балалар шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқау «Бір аспанның астында» фестивалінің аясында қолға алынған. Қазақстан халқы бірлігі күніне орай  ұйымдастырылған іс-шараға 400-ге жуық қатысушы тіркелген. Әр аймақтан келген балалар өзінің ғана емес, өзге ұлт пен ұлыстың әндерін шырқап, билерін паш етті. Сонымен бірге әдеби шығарманы мәнерлеп оқу, дәстүрлі аспаптарда ойнау, вокал, би және еркін шығармашылықта өнер көрсетті. Олардың өнерін музыка, вокал, хореографияның кәсіби мамандары мен қоғам қайраткерлері бағалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Кристина Гринко, «Жан Достар» байқауының ұйымдастырушысы:

- Бүгін біз төртінші фестивальді өткізіп жатырмыз. Осы 6 айдың ішінде бір мыңнан астам бала қатысты. Аймақтардан да балалар бар. Негізінде бүгінде біздің фестиваліміз Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ұйымдастырылған. Әрине, бәрі балалық шақтан басталады ғой. Сол үшін біз біздің балаларымызға үлгі көрсетуіміз керек.