Алматыда жазғы өрт кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр

Күн жылысымен өрт қаупі артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдай департаменті қам жасап жатыр. Қазірдің өзінде жол бойы мен қалаға іргелес ашық алаңқайлар, құрғақ алқаптар айналдыра жыртылды. Мамандардың айтуынша, Іле-Алатау ұлттық саябағында тамақ пісіретін арнайы 14 орын бар. Сондықтан тауға шыққан жұрт өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтағаны жөн.

Еркебұлан Қасенов, Бостандық ауданы ТЖБ бастығы:

- Өрт қауіпсіздігін бұзған жеке тұлғалар бар, өкінішке қарай. Былтырғы жылы 2022 жылы 122 адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Биыл үш адамға айыппұл салынды. Айыппұлдың мөлшері – бір адамға шамамен 350 мың теңге.