Қарағандының хайуанаттар бағында кішкентай маймылдар дүниеге келді.
Тұрқы бармақтай ғана қос маймылдың енді егіз төлі бар. Тропикалық тірлішік иелері әзірге төлдерін арқалап асырайды. Бірақ, асыр салып ойнауға құмар кішкентайлар шамамен 3 айдан кейін ғана жеке-дара өмірге бейімделеді. Бір қызығы, ұрғашы маймыл баласын бастапқы бір апта бойы уызға тойдырады. Одан кейін 33 күндей еркегінің қамқорлығына көшеді. Ересек маймылдың дене ұзындығы 18–25 см-ден аспайды. Сирек кездесетін сүтқоректілер қазір халықаралық қызыл кітапқа енген.
Ербол Байжанов, Қарағанды зообағының ғылыми қызметкері:
- Негізі бұлар табиғатта колоннамен өмір сүреді. Бұлар оңтүстік Бразилияны мекендейді. Нулы орманды жерді. Топпен өмір сүрген өте жақсы бұларға. Бір-бірін қарап, қамқорлықты жақсы жасайды. Әкесі ылғи қарап алдында жүреді. Құлап бара жатса ұстап алады. Сондай бір ерекше мінездемелері бар.
