Маңғыстауда өріс кеңейеді

Жер көп, жайылым жоқ. Маңғыстау облысында да осы жағдай.

Былтыр өңірде 356 мыңға жуық гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Президент тапсырмасы бойынша құрылған арнайы жұмыс тобы мониторинг жүргізіп, 973 мың гектар бос жатқан жерді анықтаған. Жергілікті серіктестіктер 300 мың гектарға жуық аумақты иемденген, бірақ игермеген. Есесіне қарапайым жұрт мал жаятын жер таппай сенделіп жүр. Енді Түпқараған, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақиян, Маңғыстау және Жаңаөзен аудандарында бос жатқан жерлер алынып, іскер адамдарға берілмек.