Жетісу облысында «Бір ауыл - бір өнім» жобасына құжат қабылдау басталды.
Бұл бастамаға үйінде сиыр сауып, май шайқап отырғандар ғана емес тауар өндіретін кәнігі кәсіпкерлер де қатыса алады. Ол үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлік палатасының филиалына барып өтініш жазуы керек. Сол арқылы арнайы комиссия барып, іскер азаматтардың жұмысын саралайды. Халыққа пайдасы бар болса көмек те болады. Мәселен, өнімін сертификаттауға, оқытуға, маркетинг, жоба жасауға жәрдемдеседі. Құқықтық тұрғыда кеңес береді. Өңірде алғаш қолға алынған жобаға қатысуға қазірдің өзінде 50 шақты адам ниет білдірген.
Мадина Бөрібай, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі:
- Көрме ұйымдастыру барысында біз жүз шақты жобаны іріктеп алып, соның ішінде экспортқа нарыққа үш төртеуін шығарамыз келеді. Бұл жерде қандай пайда? Ауылда отырған ер азаматтар қыз келіншектер өздерінің кәсіптерін кеңейтуге үйде отырып табыс табуға отбасын асырауға мүмкіндік береді.
