Ресейде қазақтың ұлттық өнімдеріне сұраныс артты

Ресейде қазақстандық тауарларды сатуға маманданған сауда жүйесі ассортиментін кеңейті.

Енді азық-түлікпен қатар отандық дизайнерлеріміз шығарған киімді және қазақ кітаптарын сата бастады

"Бауырсақ" деп аталатын сауда желісі Ресейге қазақстандық өнімді 11 жылдан бері жеткізіп, саудалап келеді. Дүкендерінде 40-тан аса өндірушінің 1800-дей өнімі сатылады. 2015-жылы компанияның 18 сауда орны болған. Ол кезде Мәскеу мен Мәскеу облысына қызмет көрсетсе, енді ауқымын кеңейтіп өзге өңірлерге тапсырыс ала бастады.

Анжела, тұтынушы:

- Қымыз іштік, бауырсақ пен еттің дәмін таттық. Бұл жердегінің бәрі бізге өте ұнады. Қазір дүкендер ашылып, қазы-қарта, қымызды Қазақстанда жасалған өнімдерді осы жерден сатып алуға мүмкіндік туды. Ия, бізге ұнайды.

2018-жылы «Бауырсақ» өз сауда белгісімен тауар шығара бастады. 2021-жылы мұздатылған ет, шұжық, қазы, сары май мен кондитерлік бұйымдарын ұсынды. Енді тамақпен шектеліп қалмай, қазақстандық бренд киімдерді саудаға шығарып отыр. Кітаптар да жеткізіледі. 

Елена Кондакова, "Бауырсақ" сауда жүйесінің негізін қалаушы:

- Серіктестеріміз жақсы жеңілдіктер жасады, сондықтан киім мен сөмкелерді Қазақстанда сатылатын бағада ұсынуға мүмкіндігіміз бар. Қазақстандық баспаханалармен келісіп, кітап та сата бастадық. Қазір бізде тек орыс тілдегі кітаптар бар, бірақ жұрт сұрап, қазақ тіліндегі кітаптарға да тапсырыс берді. Бізде басқа еш жерде жоқ тауарлар бар. Бізде ,,Қазақ хандығы,, деп аталатын тарихи ойын түрі бар. Осыны көп сұрайды. Осы ойын арқылы, Қазақстан тарихын білуге болады.

Осы сауда жүйесінің негізін қалаушы Елена Кондакова қазақ киімдері мен заманауи қазақ әдебиетіне сұраныс барын айтады. Сондықтан сауда тоқтамайды.

Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров

Сондай-ақ...