loader


Жетісу облысындағы «Бір шаңырақ астында» мерекелік шарасы. LIVE

Жетісу облысының жұртшылығы да Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Атаулы күнге орай өңірде «Бір шаңырақ астында» атты ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Бүгін Жетісу облысындағы аудан, қала орталықтарында мәдени шаралар өтіп жатыр. Көксу ауданындағы мерекеде жергілікті өнерпаздар әуелетіп ән шырқап, күмбірлетіп күй шертіп, ел бірлігін насихаттайтын сахналық көріністер көрсетті. Ал этномәдени орталықтардың көрмесінде әртүрлі ұлт өкілдерінің дәстүрі мен өмір салты көрініс тапқан. Ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өткізіліп, білекті де жүректі жігіттер сынға түсті. Сонымен қатар көпшілікке арналып көлемі 3 метрлік пицца дайындалды. Қазір, міне, балаларға тегін таратылып жатыр. Сонымен бірге Сірне пісіруден сайыс өткізіліп жатыр. 10 ауылдық округтен келген аспаздар ұлттық тағамды әзірлеу үстінде, әділ қазылар байқау жеңіпазын анықтайды. Ас ел-жұртқа арналған дастарқанға қойылады.

Көпшілік мәден шаралар кеш батқанша жалғасады. Талдықорғандағы Жастар сарайында эстрада жұлдыздарының қатысуымен ауқымды концерт өтеді.

 

 

Сондай-ақ...