Оралда бір айда 29 адам өз бетінше от жаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сөйтіп айыппұл төледі. Мұның бәрі өзен жағасы мен саяжайларға жасалған рейд кезінде анықталды. Мамандар қар кетісімен өрттің де көбейіп бара жатқанын айтады. Сол себепті полиция, орман шаруашылығы және төтенше жағдайлар қызметі қайықпен, атпен және жаяу жүріп жан-жақты шолып жүр.
Сағадат Әнес, БҚО ТЖД бас маманы:
- Өрт қауіпті кезең басталғалы облыс аумағында 311 гектарды құраған 2 орман өрті және 24 дала жану оқиғалары орын алды. Құрғақ шөпті немесе қоқыс қалдықтарын жағу себептерінен орын алып жатыр. Осыған орай темекі тұқылдарын, табиғат аясында демалу кезіне өрт ошақтарын сөндіріп, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
