Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында алғаш рет Ұлттық Ұланның жауынгерлері әскери қызметке кірісті.
Қаладағы қоғамдық тәртіпті Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы қадағалайды. Осы айтулы іс-шараға орай шаһардың орталық алаңында салтанатты сап түзеу рәсімі өтті. Қазір біздің аймақтағы тілшіміз Алмас Садуақас
Алмас Садуақас, тілші:
- Қонаевтағы қоғамдық тәртіпті енді полиция инспекторларымен бірге Ұлттық Ұлан жауынгерлері бірлесіп қадағалап, бақылайды. Жаңа ғана салтанатты сап түзеу рәсімі болды. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі 1998 жылы құрылған. Ол Алматы қаласының 8 ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындайды, енді олардың қызметіне Алматы облысы Қонаев қаласы кіреді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшы құрамы қатысты. Қазір жеке құрамның мақсат міндетті жайында толығырақ әскери бөлім командирі айтуға дайын.
