loader


Астанада академик З. Ахметовтың 95 жылдығына орай конференция өтті

Еуразия ұлттық университетінде академик Зәки Ахметовтың 95 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға алыс-жақын шетелден келген ғалымдар мен сала мамандары, академиктің шәкірттері қатысты.

«Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» атты конференцияда Зәки Ахметовтың еңбектері мен ғылыми мұрасы жайлы естеліктер, ой-пікірлер айтылды. Сондай-ақ академик туралы кітап көрмесі ашылды.

Әлімжан Хамраев, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессоры:

- Мен – тікелей Зәки ағаның шәкіртімін. Ең негізгі білім – қазақ поэзиясы, сонымен бірге оның өлең құрылысы, теориясы. Соны түсіну. Өлең теориясын түсінген адамның әрі қарай қазақ поэзиясынан сырт түрік поэзиясына да жолы ашылады. Сол себепті Зәки ағамыздың әдебиеттанудағы орны жоғары. 23 жасында ол өлең теориясын жазып, танылып кетті.