64 жылдық тарихы бар Теміртау қаласының трамвай паркін жаңғыртуға болады.
Өкінішке қарай, бүгінде қоғамдық көлік желісі тозғаны соншалық, жолаушыларды тасымалдау үшін қауіпті. Себебі күрделі жөндеу жүргізетін және қосалқы бөлшектерді шығаратын зауыттар жоқтың қасы. Техникалық аудит жүргізген мамандардың пікірі қандай?
Трамвайларды күрделі жөндеумен мамандандырылған кәсіпорындар ғана айналысуы керек. Десе де, вагондарды жөндеуден бөлек жолдардың техникалық жағдайы бар. Инфрақұрылымды кешенді түрде зерттеу керек.
Валерий Сивко, трамвай паркі бастығының орынбасары:
- Тоғыз жылдан кейін жүргізілуі тиіс жөндеу жұмыстары өткізілмеді. Ал жаңа зауыттар қосалқы бөлшектер шығарылмайды. Біз соңғы уақытқа дейін челябілік зауытпен жұмыс істеп келдік. Шетелдік мамандар құралдарды арнайы тапсырыс бойынша даярлады.
Бүгінде трамвай жолдарының жағдай көңіл көншітпейді. Бұны техникалық аудит нәтижесі растады. Жаңбыр және ағын сулар да желілерді бұзып жатыр.
Юрий Франк, "Промэкс-Т" ЖШС директорының міндетін атқарушы:
- Бұл жерде су бұру арықтары жоқ. Ағын сулардың барлығы осы жерге жиналып, сіңеді. Сәйкесінше трамвай жолдарының сапасы бұзылады. Желі мен негізін толық ауыстыру керек. бұл өз кезегінде трамвай механизміне де кері әсерін тигізеді.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы үшін трамвай паркі шығыны көп кәсіпорын. Акционерлік қоғам қоғамдық көліктің жұмысын сақтауға тырысты. Дегенмен, жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төнді.
Ирина Объедкова, трамвай басқармасының бастығы:
- Өскемендегі трамвай паркін мысалға алайық. Құрылым 2018 жылға дейін жекенің қолында болды. Кейін қаланың коммуналдық шаруашылығына көшті. Ал 2022 жылы трамвай жолдары жөнделе бастады. Биыл модернизциялауға қаржы бөлінді. Бұл тәжірибе бізде де қолға алынса, паркіміз іске қосылады.
Жергілікті билік трамвай паркін өз балансына алу туралы шешімді аудиттен соң ғана қабылдамақ. Бүгінде Өскемен, Павлодар қалаларында трамваймен жолаушы тасымалы ретке келген. Компания өкілдері Теміртау қаласының билігі де әрекет етсе, трамвай паркін жаңғыртуға мүмкіндік бар деген ойда.
Ақмарал Есімханова және Марат Игіліков
