Қызылжарлық өнертапқыш қыздар зағип жандарға арналған инновациялық білезік ойлап тапты.
Қолға тағатын құрылғы кез келген кедергіні 70 сантиметр жерден сезіп, дыбыстық белгі береді. Бұл көзі нашар көретін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Жұлдыз Ағиярова мен Дарина Елпанова жасап шығарған білезіктің елімізде баламасы жоқ. Қазіргі таңда мұқтаж жандар оны шетелден қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Енді оқушылар осы ноу – хауларын одан әрі жетілдіруді жоспарлап жүр.
Жұлдыз Ағиярова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Енді көмекке шақыратын «SOS» батырмасын қосып, бұл құрылғыны таяққа орнатуды ойластырып жүрміз. Ал датчигі аяқтың деңгейіндегі кедергілерді сезеді. Бұл қарт адамдардың керегі жарайды.
