Алдағы 5 күнде ХҚО-да кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша істемейді

Ел азаматтары жылжымалы және жылжымайтын мүлікті рәсімдей алмайды.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу де тоқтап тұр. Бұл қызметтер тек мерекелерден кейін - 10 мамырдан іске қосылады. Қазір базадан Жылжымайтын мүлік деректерін Бірыңғай мемлекеттік кадастрға көшіру жүріп жатыр. Сондықтан жүйедегі кейбір қызметтер қолжетімсіз. Жерге қатысты онлайн қызметтерді де күтуге тура келеді. Электронды үкімет порталы, нотариустар, салық қызметі, банктер мен сот орындаушылардың да онлайн қызметтері уақытша тоқтайды. Бұл жайында "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының өкілдері хабарлады.