Республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойыны аяқталды

Республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайыста елдің түкпір-түкпірінен жиналған 120 жас бағын сынады. Додада Түркістан облысынан келген өрендер топ жарды. Қарағанды құрамасы 2-орынға жайғасты, ал 3-орын Алматы облысына бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінгендер арнайы жүлде және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Нұржан Жетпісбаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы:

- Жыл сайын жеңімпаздар алмасып жатыр. Яғни, бұл ненің көрінісі? Бұл әр түрлі аймақтан келген командалардың әрбір аймақта өзінің бір ерекшелігі бар. Білектің күшімен дейді. Найзаның ұшымен дейді. Әр біреуінің өзінің жаңағы алып басып түсетін бағыттары бар. Сондықтан биыл, міне, түркістандықтар, былтыр Маңғыстау өңірі жеңіске жеткен болатын. Келесі жылғы «Qaisar» ойындарына осы азаматтардың соныңнан ерген толқынды інілері келіп қатысады деген үміттеміз.