«Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінеді

Ақтау қаласы мен оған жақын маңдағы ауылдар көгілдір отынмен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырының құрылысын аяқтау үшін Үкімет резервінен 3,7 млрд теңге бөлінетін болды. Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін тиісті қаулыға қол қойды. Ілкімді істің игілігін 150 мыңға жуық тұрғын көреді. Қазір қаланы жылумен қамту маңызды. Осыған байланысты бірқатар блок-модульді қазандық орнатып, 2 жаңа қазандық салу жоспарланып жатыр. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейді.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Қаражат «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясы орната отырып, ұзындығы 52 шақырым газ құбыры құрылысын аяқтауға бағытталады. Жоба аяқталғаннан кейін аудандарға газ тартылады.