ҚР Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. 

II дәрежелі "Даңқ" орденімен Қарулы күштер Тылының бастығы генерал-майор Алмаз Ахмадиев марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар тұлғалар Құрмет ордені мен Жауынгерлік ерлігі үшін" төсбелгісін иеленді. Қарулы күштер бойынша барлығы 26 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградалармен марапатталды. 36 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді. Салтанатты рәсім кезінде Генерал-полковник Руслан Жақсылықов бүкілармиялық кеңесте Президент әскери қызметшілердің армияның жоғары жауынгерлік дайындығын қолдау мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктерін жоғары бағалағанын атап өтті.  Қарулы күштердің барлық жеке құрамының қызметіне жоғары баға беру бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деп сөзін түйіндеді.

Бисен Жақыпов, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері:

- Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсанында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қарулы күштердің ерекше көзге түскен әскери қызметшілерін марапаттады. Әскери қызметшілерге, офицерлерге жоғары наградалар, ордендер мен медальдар табысталып, кезектен тыс әскери шені берілді.