loader


Қырғыз шекарасына қоршау неге қойылды?

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы маңындағы шекараға қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршаулар қойылғаны туралы ақпарат таралды. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - дейді Ұлттық Қауіпсіздік қызметі.

Бұл – Қазақстан аумағы арқылы өтетін 800 метрлік Бішкек-Нарын-Торугарт тасжолы. Шекара қызметі осы жол учаскесіне жақын жерге инженерлік қоршаулар орналастырған. Бұл жұмыстар Қазақстан аумағында жүргізіліп жатыр. Яғни, шекара режимінің бұзылуына жол бермеуге және екіжақты келісімдердің сақталуына жағдай жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың транзитке қатысы да, кедергісі де жоқ. Қырғыз жағы қойылатын қоршаулар туралы алдын ала хабардар етілген.