Қорғаныс министрі соғыстан оралмаған боздақтардың рухына тағзым етті

Қарулы күштердің әскери қызметкерлері соғыста шейіт болған батырларды еске алды.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Астанадағы жауынгерлерге арналған естелік кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті. Олардың қатарында Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштерінің ардагерлері, тыл еңбеккерлері, "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері бар.