Павлодарда Жеңіс күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды

Тұрғындар мен қала қонақтары таңертеңнен бері Даңқ алаңына жиналды.

Алдымен соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Музейлерде ақпараттық көрмелер қойылып, майдан туралы бейнефильмдер көрсетілді.  Жұрт «Жеңіс үшін от кешкендер» сазды бағдарлама мен театрландырылған көріністерді тамашалады. Ерлікпен  қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етіп ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. 

Меруерт Кенжеғожина, қала тұрғыны:

- Әкем соғысқа кеткенде мен кішкентай, 38-ші жылғы. Көрмегенді көрдім балам. Бидайды шаптық қолменен, сиыр саудық, істемеген нәрсем жоқ балам.Жаманшылықты тілемеймін мен. Жақсылықтан жақсылық бола берсін.

Қайыржан Жұмабаев, қала тұрғыны:

- Осындай соғыс болмаса екен дейміз. Еліміз гүлдене берсін. Халқымызға амандық тілеймін. Аспанымыз ашық болып тек денсаулық тілеймін Қазақстан елімізге.