loader


Атыраудағы Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияда қазақтың қаһарман қыздары шоғырланған

Атыраудағы Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияда бір сыныпта екі Хиуаз және Әлия атты оқушы бар.

Даңқты әпкелерінің есімін иеленген балғындар сабаққа алғыр, қоғамдық жұмыста белсенді. Олар кешегі сұрапылда ер азаматтармен бірдей соғысқа қатысқан Әлия, Мәншүк, Хиуаз сынды арулардың атына кір келтірмейтін ұрпақ болып өсіп келеді. 

Бір сыныпта екі Хиуаз бір Әлия. Атырау қаласындағы Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияның 8-сыныбына қазақтың қаһарман қыздары шоғырланған. Бір таңқаларлығы олардың барлығы дерлік даңқты жерлестірінің есімін ардақ тұтатыны өз алдына, олардың өмір жолымен жете таныс екендіктерін байқатты. 

Әлия Әділгерейқызы, 8 сынып оқушысы:

- Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысында дүниегек елген. Әлия Молдағұлова ол елі үшін майданда ерлермен бірге тізе қосып елі үшін шайқасқан. Ол 19 жасында Отан үшін өмірін қиған. Өскенде мен журналист болғым келеді.  Менің мақсатым: Әлия сынды апаларымыздың атын барлық әлемге таныту.

Қазақ поэзиясының тау тұлғасы Хамит Ерғалиев атындағы мектеп гимназияда 1600 дей оқушы бар. «Жауынгер-ақынның есімін иеленген орта мектепте екінші дүниежүзілік соғысының тарихы, ондағы қазақтардың жанқиярлық еңбегі ерекше бағаланады»,-дейді мектеп басшылығы.

Салтанат Ермешова, мектеп директорының орынбасары:

- Осы сыныптарда айына 1 сағаттан «Ерлікке тағызым» тақырыбында сынып сағаттары үнемі өтіп тұрады. Қыздарымыз өте сыпайы, инабатты, тәрбиелі аттарына заты сай. Осы Әлия апасы, Хиуаз апасы сияқты өте батыл, қайсар еліне қызмет ететін адал азаматша болып өсетіндеріне сенімдіміз.

Қазақ аруларының арасынан шыққан шынарлардың бірі, қанатты қыз, «Халық қаһарманы» -Хиуаз Доспановаға атыраулықтардың құрметі ерекше. Бүгінде мұнайлы өңірде Хиуаз есімді жүздеген қыз бала бар. Солардың бірі Хиуаз Қанатқызы. Ол болашақта даңқты әпкесінің ісін жалғастыруды мақсат етіпті.

Хиуаз Қанатқызы, 8 сынып оқушысы:

- Көбі айтады. Сенің атың ерекше ,атыңды кім қойды деп сұрайды сол кезде айтатыным Хиуаз Доспановаға ұқсас батыр болсын деп, ұшқыш болсын деп арнап қойылған. Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Қазіргі кездегі ұшқыш мамандығын ешкім таңдамайды Сондықтан өз атымды қорғау үшін ұшқыш мамандығын таңдадым.

Ұлы ерлік - туған жерге деген махаббаттан туады. Ел басына күн туған шақта екшеліп шыққан шығыстың үш аруы барлығымыз үшін мақтаныш. Олардың ерлік істері жас ұрпақ жадында жаңғырып, ұлтын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейтіні анық. Тек сол сұрапыл қайтанабасын деп тілейік. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин