Мәжіліс депутаттары: Электронды темекіге тыйым керек

Электронды темекіге тыйым салу қажет. Сондай-ақ оларды жарнамалағанды қойып, жауапкершілікті күшейту керек. Мұны Мәжіліс депутаттары талап етіп отыр.

Себебі вейп жастар арасында тез тарап барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес соңғы 4 жылда электронды темекі тарту көрсеткіші үш есе өскен. Темекі құрамында никотин, аммиак, шайыр сынды 30-дан астам улы зат бар. Зиянымен қатар қылмыс та жиіледі. Жасөспірімдер арасында буллинг белең алып жатыр. Былтыр кәмелетке толмағандар 1735 қылмыс жасаған.