Солтүстікте билік заңсыз алып қойған жерді шаруаға қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысында фермердің құқығы қорғалды.

Оның жерін жергілікті билік өкілдері заңсыз жолмен алып қойған. Есіл аудандық әкімдігінің қызметкерлері жайылымға байланысты Петровка ауылының халқымен жиын өткізіп, 290 гектар аумақты мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы шығарған. Бұл туралы кәсіпкер құзырлы органдарға шағымданып, жерді өзіне қайтарып алды. Мамандардың айтуынша, бұл қаулы заңсыз. Мәселе тек сот арқылы шешілуге тиіс еді. 

Айдос Жүнісов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Кәсіпкерге сотқа жүгіну туралы көмек көрсеттік. Өзіміздің кеңесімізді бердік. Алайда сотттың шешімі шықпай тұрып, әкімшілік өзінің заңсыз шығарған қаулысын қайта қайтарып, оның күшін жойды.