Ә. Смайылов UNFPA атқарушы директоры Н. Канеммен кездесті

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Халықтың қоныстануы саласындағы қорының атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар білім беру және денсаулық сақтауды дамыту, жастарды қолдау жөніндегі бастамаларды талқылады. Үкімет әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Мәселен, 1 қаңтардан бастап азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету қажеттілігін анықтауға көмектесетін Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Е-Денсаулық бірыңғай платформасы аясында денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру жүргізіліп жатыр. 600-ден астам дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Биылдан бастап 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады.

Өз кезегінде Наталия Канем Қазақстанның соңғы жылдары қол жеткізген жоғары нәтижелерін атап өтті. Қор жаңа бастамаларды жүзеге асыруда елімізге көмек пен техникалық қолдау көрсетуді жалғастыратын болады.