Қостанай облысында "Antares" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды.
Ол осыдан екі жыл бұрын инвестициялық ұйымның құрылымдық бөлімшесін басқарған. Күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігін алға тартып, азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға үгіттеген. Белгілі болғандай, 33 жәбірленушіге 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді. Алайда, сотталушы жазасын 5 жылдан кейін ғана өтейді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
