loader


СҚО-да экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды

Тампиев ірі көлемде сыбайлас жемқорлық фактісін жасырды деген күдік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ, Петропавл ауыр машина жасау зауыты өкілдерінің 45 млн теңге көлемінде пара алғанын біле тұра, онысын жасырып қалуға тырысқан. Осы іске қатысы бар тағы 2 адам сот шешімімен 2 айға қамалды.

Виктория Алпеева, СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:

- Тампиевті ұстау кезінде ол аталған қылмыстық іс бойынша қорғаушы болған жоқ. Яғни, ешқандай адвокаттық қызмет көрсетпеген. Осыған дейін әлеуметтік желілерде осы бойынша түрлі ақпарат тараған еді. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда істің анық-қанғына көз жеткізу үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.