Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың кітабы жарық көрді

Қазақ хандығы Батысқа мәлім болған. Хандық атауы АҚШ, Бельгия, Англия, Франция, Италия және Германияда ХV ғасырдан бері жарық көрген атластарда кездеседі. Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров осылай дейді.

Парламент Сенатында ғалымның «Қазақстанның үздіксіз мемлекеттігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы Еуропа және Америка карталарындағы Қазақ мемлекеті» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 1562 жылдан 1879 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жинақта 130 карта топтастырылған. Мұнда мемлекет дамуының негізгі кезеңдері айқын көрсетілген.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ЕҰУ Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры:

- Бұл тың деректер тез ара, шұғыл түрінде мынау біздің мектептегі тарих оқулықтарына кіруі керек. Өйткені біздің жасөспірімдер, біздің қаракөздеріміз біздің Қазақ мемлекеттілігі қандай бай екенін білуі тиіс