Ақмола облысында мың шақырымнан астам жол жөнделеді

Ақмола облысындағы жыр болған Щучинск-Степняк-Уәлиханов бағытындағы жол жөнделіп жатыр.

Қос курорттық аймақты байланыстыратын күре жолдың құрылысына бюджеттен 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жалпы ұзындығы 42 шақырым жолдың құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс.

Бұл Бурабай мен Біржан сал аудандарын байланыстыратын жалғыз жол. Қос аймақтың туристік әлеуеті зор. Елу шақырымға жуық жол туристерден бөлек, жергілікті тұрғындардың өзін әбден қажытқан. Бүгінде тозығы жеткен күре жол толығымен жаңартылып жатыр. Жоба үш жылға жоспарланған.  Құрылыс  сапасы на да ерекше көңіл бөлініп отыр.

Михайл Щетинин, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Біз асфальт төсегесін бірден лабораториядан мамандар келіп, сынама алады. Былтыр 7 шақырымын жөндесек, осы жылғы меже 14 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына  40-там астам техника мен 50-ге жуық адам күші жұмылдырылған. 

Бұдан бөлек, биыл блыстағы бірқатар ауылдың жолдары жаңарады. Мәселен, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 27 елдімекендегі 80 шақырымға жуық жол жөнделсе, «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 400 шақырымға жуық жол қалыпқа келтіріледі. Елорда маңындағы елді мекендердеге басымдық берілген.

Жұмабек Хайролла, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында 21 елді мекенде шамамен 170 шақырым жөндеу жоспарлануда. Астана қаласының шетіндегі 6 елді мекендерде 40 шақырым көше-жол желісін салу көзделіп отыр. 

Биыл аймақтағы жолдарды жаңартуға 73 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа бас-аяғы мың шақырымнан астам жол жөнделеді жоспарлануда.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкоренко