18 мамыр-Халықаралық музейлер күні

Бүгін  - Халықаралық музейлер күні.

Осыған орай елде  "Музей түні" акциясы басталып, түрлі экскурсиялар, ғылыми дәрістер, онлайн-квесттер ұйымдастырылған. Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша, қазір елде 271 мемлекеттік музей бар. Халықтың, тіпті балалардың да көне жәдігерлерге деген қызығушылығы жоғары. Былтыр музейге келушілер саны 6 миллионнан асқан. Оның ішінде 35 пайызы - балалар. Экскурсия жасаушлар да жылдан жылға көбейе түскен. Мәселен, өткен  жылы шамамен 167 мың экскурсия ұйымдастырылған. Музей қорларындағы экспонаттардың саны бүгінде – 2,5 миллион болса, 350 мыңы - аса құнды заттар. Ал Ұлттық мәдени мұра нысандарының қатарында 5 мыңға жуық жәдігер бар.