Ұлытау облысында заңсыз жасалған келісімшарттың күші жойылды

Ұлытау облысында жол жөндеуге қатысты жарияланған байқауларда, заңнама талаптары өрескел бұзылған.

Бұл облыс прокурорлары жүргізген тексеріс кезінде  анықталды. Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері, сметалық құжаты жоқ, және мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобаларға қаржы бөлген. Сондай-ақ, жолды күтіп ұстауға жауапты мердігерлермен көпжылдық келісімшартқа заңсыз отырған. Прокурорлардың араласуымен құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 4 жоба бойынша жұмыстар тоқтатылды. Заңды белшесінен басқан 9 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елдос Бүрлібаев, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Бұл жағдай автокөлік жолдары сапасының төмен болуына алып келетінін ескеріп, конкурстардың күші жойылды. Әкімдіктерге жобалау-сметалық құжаттама дайындау керектігі туралы ұсыну енгізілді.