БҚО-да құралайлар неден қырылды?

Батыс Қазақстан облысында бөкендер баудай түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешкісін Жәнібек ауданы Ащыөзек өзенінің бойында, ​ Казталовка-Жәнібек жолының оңтүстік бетінде 243 бас киіктің өлексесі табылды. Оның 236-ы құралай болса, 7-уі аналық екен. Лақтардың мұрнынан қан кеткен, іштері кеппеген. Киіктер уланды ма әлде жұқпалы індетке шалдықты ма – әзірге белгісіз. Оқиға орнына жедел жеткен ветеринарлық қызмет пен Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары ауадан, судан, топырақтан сынама алған. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана қызметкерлері де оқиға орнына жетіп, жануарлардан патологиялық материал жинапты. Бүгін түс ауа жергілікті әкімдіктің күшімен киіктердің төшкесі жиналып өртелді.

Сондай-ақ...