21 мамыр ЖИТС дертінен қайтыс болғандарды еске алу күні

Қарағанды облысында иммундық тапшылық вирусы алғаш анықталғалы бері 3 мың адам көз жұмған.

Тағы 4 мыңы күні бүгінге дейін осы диагнозбен тіркеуде тұр. Ресми тіркелмеген тұрғындар да бар. ЖИТС құрбандарын еске алу күні қарсаңында қаладағы орталық саябақта ескертпелер таратылды. Сондай-ақ ниет танытқандар тегін сынама тапсырды. Мамандар адамның иммун тапшылығы вирусы қазір созылмалы індеттердің қатарына жататынын айтады. Егер де науқас ем-шараны үздіксіз қабылдаса көп жасауына кедергі жоқ-дейді дәрігерлер.

Нағима Төлекбаева, облыстық ЖИТС орталығының бөлім жетекшісі:

- Қарағанды облысы ЖИТС-тің тіркелуі жағынан елде алдыңғы үштікке кіреді. Әр жыл сайын ВИЧ пен жаңадан 400-ден астам жағдай тіркеліп жатады. Қазіргі таңда осы тіркелгендер ішінде 70 пайызы жыныстық қатынас арқылы берілу болып отыр. Көп жағдайда бұл халқымыздың өз денсаулығына немқұрайлы қарауының себебі деп ойлаймын.