Алматыда бұршақ жауды

Алматыда кеше бұршақ жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде түсірген видеолар мен фотоларды жариялап жатыр. Видео, суреттерден бұршақтын айтарлықтай үлкен екенін байқауға болады. Оның көлемі 2-3 сантиметрге дейін жетеді. Алматылықтар бұршақ қаланың кейбір аудандарында ғана болғанын видео астындағы түсініктемеде жазған. Бұған дейін синоптиктер Алматы облысы аумағанда дауылды ескерту жариялады. Алматыдан бөлек, бүгін Жетісу облысында да  жаңбыр мен бұршақ жауатынын «Қазгидромет» мамандары бұған дейін болжаған.

Сондай-ақ...