Петропавлда мұржаның құрылысы басталды

Петропавлда мұржаның құрылысы басталды

Петропавлдағы жылу электр орталығының жаңа мұржасының құрылысы басталды.

Мамандар бетон құйып, екі тәулікте іргетасын көтерді. Оған шамамен екі мың текше метрден астам арнайы қоспамен  150 тоннадай  металл  кеткен. Құрылыс жұмыстары қыркүйекте бітеді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр наурыз айында стратегиялық нысанда түтін мұржасы опырылып түскен болатын. Үйіндінің астында бір жұмысшы қалып қойып мерт болды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот процессі әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Петр Богданов, «Севказэнерго» АҚ Бас директорының орынбасары:

-  Жаңа мұржаның биіктігі 180, ал диаметрі 20 метрден асатын болады. Жоба құны шамамен 4 миллиард теңгені құрап отыр. Сәтін салса, мұржаны күніне екі метрдей көтеріп отырамыз. Осылайша келер жылдың екінші тоқсанында ол іске қосылады. Кейін нөмірі екінші мұржаны бұзып, жаңалаймыз. Себебі  ол да әбден ескірген.