Қостанайлық өрт сөндірушілер 10-нан аса үйді өрттен сақтап қалды

Тұрғын үйлерге жақында маңда аумағы 2 гектар шөп пен қамысты алқап отқа оранып, қауіп төнген.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп 35 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 3 сағат бойы арпалысты. Қазірдің өзінде сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 9 техника мен 35 құтқарушы жұмылдырылған. 

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

- Өрт кезінде ешқандай тұрғын зардап шеккен жоқ. Желдің қатты болуына байланысты Шипин көшесіне өрт өтіп кетуі мүмкін еді. Сондықтан ондағы тұрғындарды жедел эвакуацияладық. Біздің жігіттер 15-20 минут ішінде сол маңдағы қауіптің алдын алып, тұрғындар үйлеріне қайта оралды.