Павлодар облысында 42 жағажай жабдықталады

Павлодар облысында шомылу маусымында 42 арнайы орын ашылады.

Оның 24-і коммуналдық, қалғаны жекеменшік. Елімізде ең ауқымды жағажайда балалар бассейні салынады. Нысанның аумағы 180 шаршы метрден асады. Бұл – балалар қауіпсіздігін сақтау үшін жасалады. Облыста жағажайларды абаттандыру және дайындау жұмыстарына 156 млн теңге жұмсалған. Мамандардың айтуынша, шомылу орындарында кезекшілік атқаратын құтқарушы саны көбейеді. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарынан бөлек, қоғамдық құтқарушылар жасақтары құрылады.

Арман Құсайынов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Жағажайларды тазалау жұмыстары жалғасуда. Құм да тасымалданып жатыр. Шомылу орындарында модільді дәретханалар, субұрқақтар, қоқыс контейнерлері қойылып жатыр. Тұрғындардың ығайлылығы үшін 300 –ге жуық орын қарастырылған. Облыс орталығында 10-нен астам құтқару бағанасы орнатылады.