Павлодарда «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановтың муралы салынды

Батырдың суреті көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына бейнеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, Мейіржан Айманов Жамбыл облысында әскери қару-жарақ қоймасында болған жарылыс кезінде қаза тапқан еді. Өрт сөндіру мен эвакуациялық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, 2 әріптесін ажалдан арашалап қалды. Ерлігі мен қызметін мінсіз атқарғаны үшін «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерімен наградталған.

Муралдың ашылу салтанатына батырдың ұлы, туған-туыстары мен әріптестері қатысты.

Қуандық Тоқубаев, оқу орталығының басшысы

- Біз Мейіржан Аймановтың ерлігін шәкірттерге үлгі етеміз. Полиция қызметкері оқыс оқиға болған жерге бірінші болып жетеді және тиісті көмек көрсетеді. Оқу орнындағы музейде батырдың ерлігі мен өмір жолы туралы деректер қойылған бұрыш бар.