Бюджетке телмірмеген жамбылдықтар асарлатып үй салды

Жамбылдықтар асарлатып үй салып жатыр.

Яғни бюджетке телміріп отырған жан жоқ. Осы уақытқа дейін «Асар» жобасы аясында 338 отбасы баспана алды. Биыл тағы 105-і қоныс тойын тойламақ. Қазір Жамбыл облысында көп қабатты 74 үй салынып жатыр. Мұның сыртында биыл 32 елді мекенге ауыз су барады. Сөйтіп, тіршілік нәрімен қамту деңгейі 96,5 пайызға жетеді. Ал 18 ауыл газға қол жеткізеді.

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі:

- Жалпы жыл басынан бері 155,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні 13,2 млрд теңгені құрайтын 3929 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның 2564 пәтерлі 45 үйі биыл тапсырылады. Сонымен қатар облыс жастарының баспана мәселесін шешу мақсатында «Әулие ата жастары» атты өңірлік бағдарлама қабылданған.